КАРАНТИН ЖАҒДАЙЫНДА ӘУЕ ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫНА ТАРИФТЕРДІҢ ӘСЕРІ

Авторлар: Есполаева К.Р.,Карсыбаев Е.Е.
ӘОЖ 338.46:656.7

Аңдатпа. CОVID-19 бүкіл әлемдегі авиация саласына жойқын әсер етті, өйткені барлық әуе тасымалы наурыз айының соңынан бастап бүгінгі күнге дейін тоқтатылды. Қазақстан бұдан тыс қалмады, өйткені барлық тұрақты халықаралық және ішкі рейстер тоқтатылды, сонымен қатар бірнеше ел COVID-19 таралуын болдырмауға тырысып, ішкі авиатасымалдарға тыйым салды. Барлық елдер шетелде қалған азаматтарды жеткізу үшін репатриациялық рейстер ұйымдастырды, бірақ бұл тасымалдау әдеттегі әуе тасымалымен салыстырғанда өте шектеулі болды. Бұл зерттеу COVID-19 әуе жолаушыларының тарифтеріне әсерін неғұрлым толық бағалау және елдерге әсерді азайтуға және мемлекет үшін де, авиакомпания үшін де қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін ұсынылған шаралар мен ережелердің кешенді тізімін анықтау үшін кең жобаның алғашқы қадамы ретінде жасалған.
Түйін сөздер: тариф, жолаушылар тасымалы, карантин, авиакомпания, репарациялық рейстер, әуе тасымалы көлемі.