Аңдатпа: Зерттеу жұмысы «Цифрлы Қазақстан» жобасының бүгіні мен болашағын анықтау мақсатында жасалынды. Мақалада кабинеттік зерттеу жүргізіліп, екінші ретті ақпаратты талдау әдісі пайдаланылды. Мақала мемлекеттік жоба аясында болған соң автор зерттеу мақсатына жету үшін мемлекеттік мәліметтер көзін пайдаланды. Мақалада «Цифрлы Қазақстан» жобасының негізгі бағыттары көрсетіліп, әр бағыт бойынша жасалынған жұмыс нәтижесі мен көрсектіштері анықталған. Бұл жобаның сәтті өтіп жатқанының көрсеткіші. Сонымен қатар, автор ұсыныстар бөлімінде цифрландыру уақытындағы ең өзекті Клаус Швабтың «Төртінші индустриялық революция» еңбегіне негізделе отыра, жобаның болашақтағы даму бағдарына болжам жасады. Қорытындылай келе, мақала «Цифрлы Қазақстан» жобасының бүгіні мен болашағына қатысты нақты дәйектер мен фактілер келтіріп, жобаның маңыздылығы мен өзектілігін көтереді.
Түйін сөздер: цифрландыру, адами капитал, инновация, еңбек өнімділігі, экономика, әлеумет, индустриалды революция.