Аңдатпа: Әлемдегі күрделі геосаяси жағдай, көрші елге енгізілген санкциялар көлік
ағындарының бағыттарына өз түзетулерін енгізуде. Мақалада Ақтау теңіз портындағы
қалыптасқан жағдайға талдау жүргізілді, өйткені Солтүстік көлік бағыттары орта дәлізге –
Транскаспий халықаралық көлік бағытына (бұдан әрі – ТХКБ) қайта бағдарланады. Авторлар
күтілетін жүк ағындарын игеру үшін порт инфрақұрылымын күшейту қажет деп есептейді
және Ақтау портында ТХКБ бағытында жіксіз транзитті қамтамасыз ететін контейнерлік сток
– хаб құру қажет деген қорытынды жасайды.
Түйін сөздер: Транскаспий халықаралық көлік бағыты, Ақтау порты, контейнерлік