ҮЛГЕРІМ ФУНКЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ

Авторлар: Наурызбаева Р.М.
ӘОЖ 355:01

Аңдатпа. Жоғарғы оқу орнында оқу үдерісінде оқу тобының үлгерім көрсеткіші бақыланып отырады. Оқу үлгеріміне байланысты оқу үдерісіндегі өзгерістер тұрақты бақылауды, түзетуді және басқаруды талап етеді. Кез келген жағдайда немесе адам өмірінде, мысалы, денсаулық туралы айтатын болсақ, аурудың салдарын емдеуден гөрі алдын алу жұмыстарын жүргізген дұрыс. Оқу-тәрбие процесінде, ұқсастық бойынша, үлгерімнің төмендігіне кінәлілерді іздеуден гөрі, оқу тобының жұмысының нашарлауының алдын алу оңайырақ. Ол үшін ілгеріні алдын ала болжау, оқу топтарында алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет. Мақаланың мақсаты – алдыңғы емтихан немесе бақылау нәтижесін біле отырып, топтың оқу үлгерімін болжау жолдарын табу. Мақаланы дайындау барысында математиканы талдау мен синтездеудің, салыстырудың және жалпылаудың жалпы әдістерімен қатар ықтималдықтар теориясының негізгі ұғымдары, туындының қолданылуы және дифференциалдық теңдеуді шешу әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесінде уақытқа тәуелді үлгерім функциясы құрылды. Бұл функцияға параметрлерге қатысты зерттеулер жүргізілді. Функцияның құрамына кіретін әрбір параметрлердің функцияның өзгерісіне қандай әсері бар екені анықталған. Мақалада оқыту процесінде үлгерім функциясын келесі емтихан нәтижесін болжау үшін, оны қалай пайдалану керектігі көрсетіледі. Бұл функцияны пайдалана отырып, оқу тобының дайындығын, олардың жинақылығын, пән бойынша оқытушының және топ кураторының жұмысын бағалауға болады

Түйін сөздер: функция, туынды, үлгерім, оқу үлгерімі, үлгерім функциясы, оқу тобы.

Нөмір мұрағаты:
№-4 (27) 2022

Айдарлар

Журналдар