Аңдатпа. Берілген мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әліпбиінің қалыптасуы туралы айтылған. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастағаны кеңінен талданған. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылғаны тілдік фактілер арқылы берілген. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосқаны баяндалады.
Түйін сөздер: қазақ әліпбиі, мәдениет, ағарту ісі, тілдік факт, шығармашылық.