Нөмір мұрағаты

№-1 (40) 2026
Авторлар: Искендеров И.А., Бахчиев Х.Е.
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Аңдатпа. Дәстүрлі PID реттегіштері ендірілген ұшу басқару және тұрақтандыру жүйелерінде кеңінен қолданылады. Алайда кіші әуе кемелерінің кеңістіктегі бағыт пен жағдайды анықтау жүйелерінде (AHRS) классикалық PID тәсілдері сенсорлық шу, дрейф, діріл және жеңіл авионикалық платформаларға тән энергия шектеулері жағдайында жеткіліксіз тиімді болып табылады.
Бұл жұмыста AHRS жүйесін жаңғыртуға арналған контекстік және тәуекелге сезімтал PID архитектурасы ұсынылады. Реттегіш PID шешім қабылдау логикасына сенсор сенімділігін бағалауды, энергияға бағытталған модуляцияны және көпмақсатты оңтайландыруды біріктіреді. Ұсынылған әдіс гироскоптар мен акселерометрлер шуынан туындайтын тербелмелі түзетулерді азайта отырып, кеңістіктік бағытты қадағалау дәлдігін сақтайды. Модельдеу нәтижелері басқарудың интегралдық энергия шығынының төмендеуін, көпмақсатты шығын функциясының азаюын, тұрақтылықтың артуын және MEMS-негізіндегі AHRS жүйелеріне тән сенсорлық белгісіздік жағдайында орнықтылықтың жақсарғанын көрсетеді.
Ұсынылған құрылым PID реттегішін қателікті өтеудің қарапайым механизмі емес, заманауи кіші әуе кемелері авионикасына арналған интеллектуалды тұрақтандыру модуліне айналдырады.

Түйін сөздер: PID реттегіші, AHRS жаңғырту, кіші әуе кемелерін тұрақтандыру, контекстік басқару, тәуекелге сезімтал басқару, энергия тиімді авионика, сенсор сенімділігі, көпмақсатты оңтайландыру.

Авторлар: Городецкая Л.А., МухамедиевР.И., Юничева Н.Р., Сымагулов А.
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Аңдатпа. Бұл мақала ұшқышсыз ұшу аппаратынан алынған суреттер негізінде компьютерлік көру және терең оқыту әдістерін қолдана отырып, қалалық жағдайда атмосфераның мөлдірлігін автоматты бағалау мәселесін қарастырады. Бұл тәсіл көкжиек маңындағы түтіннің визуалдық белгілерін талдауға бағытталған, себебі дәл осы жерде аэрозольдік ластанудың концентрациясы әдетте ең жоғары болады. Эксперименттік зерттеу үшін 2024 жылдың қаңтар–ақпан айларында алынған Алматы қаласының атмосферасының әуе фотосуреттерінен тұратын арнайы деректер жиынтығы құрылды, кейіннен суреттер тоғыз секторға кеңістіктік бөлініп, мөлдірлік деңгейі дискретті шкала бойынша қолмен визуалды бағаланды. Бұл белгілеу әдісі бір кадр шегінде ластанудың кеңістіктік гетерогенділігін тіркеуге және аспан фоны, көкжиек сызығы мен қалалық даму арасындағы айырмашылықтарды ескеруге мүмкіндік берді. Алдан дайындалған MobileNetV2 архитектурасына негізделген екі модель нұсқасы — классификация және регрессия — іске асырылды, бұл визуалдық ақпаратты түсіндіруде дискретті және үздіксіз тәсілдерді салыстыруға мүмкіндік берді. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, классификатор қатаң сынып сәйкестендіруде жоғары дәлдікті (83,9%) қамтамасыз етеді, ал регрессиялық модель болжамдарды бүтін мәндерге дөңгелете отырып ±1 сынып шегінде жоғары дәлдікті (97,2%) және жүйелік қателердің төмен деңгейін көрсетеді. Нәтижелер атмосфералық мөлдірлікті жергілікті мониторингтеу үшін ұшқышсыз ұшу аппараттарын компьютерлік көру әдістерімен біріктіріп қолданудың әлеуетін растап, қалалық ортадағы дәстүрлі жерге негізделген экологиялық мониторинг жүйелеріне қосымша ретіндегі бұл тәсілдің мүмкіндіктерін айқындайды, бұл бекітілген станциялардың аздығы жағдайында аса өзекті.

Түйін сөздер: ауа сапасын бақылау, ҰҰА деректері, компьютерлік көру, атмосфералық мөлдірлік, смог, терең оқыту.

Авторлар: Gulsanat Kaipbek, Alexey Savostin, Kayrat Koshekov,Galina Savostina
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Андатпа. Авиациялық техниканы техникалық қызмет көрсету жүйелерінде құрылымданбаған мәтіндік деректер көлемінің тұрақты өсуі оларды талдаудың автоматтандырылған әдістеріне деген сұранысты арттырып отыр. Ақауларды стандартты кодтар бойынша дәстүрлі жіктеу көбіне істен шығулардың нақты себептерін толық ашуға жеткіліксіз, себебі ол бір жүйе аясында жоспарлы жұмыстар мен сыни ақауларды ажыратпай қарастырады. Осы зерттеудің нысаны бір типті әуе кемелері паркінің сыртқы жарықтандыру жүйесіне (ATA 33–40) қатысты ақаулардың мәтіндік сипаттамаларының семантикалық құрылымы болып табылады. Жарияланымның мақсаты алдын ала таңбаланған деректерді қолданбай, жасырын эксплуатациялық үлгілер мен істен шығу режимдерін автоматты түрде анықтау әдісін әзірлеу және сынақтан өткізу болып табылады. Зерттеудің әдіснамалық негізі Дирихленің латентті орналастыру алгоритміне (Latent Dirichlet Allocation, LDA) негізделген ықтималдық тақырыптық модельдеуге сүйенеді. Модельдің сапасын арттыру үшін салалық аббревиатураларды тарқатуды және мағыналық жүктемесі төмен сөздерді жоюды қамтитын мәтінді алдын ала өңдеудің арнайы алгоритмі қолданылды. Модельдің оңтайлы параметрлері когеренттілік метрикасын (Cv) сандық талдау және тақырыптардың семантикалық тұрақтылығын бағалау арқылы анықталды. Эксперимент нәтижелері алты тақырыптан тұратын модельдің деректерді түсіндіру тұрғысынан ең тиімді екенін көрсетті. Алынған кластерлерді талдау ақаулардың конструкциялық ерекшеліктермен байланысты пайда болу аймақтарын анықтауға, сондай-ақ істен шығуларды көріну сипаты бойынша жіктеуге мүмкіндік берді. Электр тізбектерінің істен шығуына және конструкция элементтерінің механикалық зақымдалуына сәйкес келетін жасырын ішкі топтар автоматты түрде айқындалды. Ұсынылған тәсіл техникалық персоналдың құрылымданбаған жазбаларын егжей-тегжейлі диагностикалық ақпаратқа айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл техникалық қызмет көрсету бағдарламаларын жетілдіруге және әуе кемесінің жекелеген қосалқы жүйелерінің сенімділігін предиктивті басқаруға көшуге негіз қалайды.

Түйін сөздер: әуе кемесі, техникалық қызмет көрсету, сыртқы жарықтандыру, мәтіндік сипаттамалар, табиғи тілді өңдеу,тақырыптық модельдеу, Дирихленің жасырын орналастыруы.

Авторлар: Ермекбаев М.М., Салмаков Ж.Т.
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Аңдатпа. Әуе тасымалы қарқындылығының артуы және түнгі әрі ұзақ қашықтықтағы рейстер үлесінің өсуі жағдайында экипаж шаршауын басқару ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудің аса маңызды факторына айналуда. Экипаж шаршауы ұшу операцияларының сенімділігіне және шешім қабылдау сапасына әсер ететін маңызды фактор ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, жұмыс уақытына қойылатын дәстүрлі шектеулер шаршау тәуекелін толық бағалауға мүмкіндік бермейді, бұл кешенді тәсілдерді енгізу қажеттілігін айқындайды. Жүрек ырғағының вариабельділігін (HRV) талдау және имитациялық модельдеу сияқты заманауи әдістер экипаждың функционалдық жағдайын неғұрлым дәл бағалауға және шаршаудың қалыптасу заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу мәселесі жұмыс уақытына негізделген нормативтік тәсілдің (FTL) шектеулілігінде, яғни оның адамның физиологиялық және циркадтық ерекшеліктерін ескермеуінде жатыр. Зерттеудің мақсаты – ICAO, IATA және EASA халықаралық стандарттарына сәйкес келетін интегралдық модель негізінде Қазақстан Республикасы авиакомпаниялары экипаждарының шаршау деңгейін бағалау бойынша ұсынымдар әзірлеу. Зерттеу міндеттері халықаралық тәжірибені талдау, шаршаудың интегралдық индексінің математикалық моделін әзірлеу, оны статистикалық валидациялау және практикалық ұсынымдар қалыптастыруды қамтиды. Зерттеу әдістеріне көптік және логистикалық регрессия, ROC-талдау, сезімталдық пен ерекшелік көрсеткіштерін есептеу, Монте-Карло әдісімен имитациялық модельдеу және жүрек ырғағының вариабельділігін (HRV) талдау кіреді.
Нәтижелер интегралдық FRMS-модельдің (AUC = 0,623) нормативтік FTL-модельмен (AUC = 0,574) салыстырғанда басымдылығын көрсетті. Имитациялық модельдеу рейстер кестесін оңтайландыру кезінде шаршау тәуекелінің 17%-ға дейін төмендейтінін дәлелдеді. Сонымен қатар, шаршау деңгейі, түнгі жүктеме және HRV көрсеткішінің төмендеуі арасында статистикалық мәнді байланыс анықталды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасы авиакомпанияларының ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесіне интегралдық шаршау индексін енгізудің мақсатқа сәйкестігі негізделді. Ұсынылған тәсілдер шаршау тәуекелдерін проактивті басқаруға көшуге мүмкіндік береді және халықаралық талаптарға сәйкес келеді.

Түйін сөздер: экипаждың шаршауы, шаршау тәуекелдерін басқару, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесі, жұмыс уақытына қойылатын шектеулер, жүрек ырғағының вариабельділігі, биоматематикалық модельдеуді талдау, авиациялық қауіпсіздік.

Авторлар: Муратхан Б., Кошеков А.К.
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Аңдатпа. Бұл мақалада сыртқы кедергілердің болуын ескере отырып, пилотсыз жүйелер үшін ақпарат алмасудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыру тәсілдері қарастырылады. Бұл мақалада қарастырылатын негізгі мәселе — деректерді беру арналарының жұмысына әсер етуі мүмкін табиғи және жасанды факторларды талдау. Жасанды электромагниттік кедергілердің әсеріне де баса назар аударылады. Мақаланың ғылыми жаңалығы — пилотсыз жүйені көп агентті орта ретінде қарастырады. Агенттер — оператор, ұшақ және сыртқы орта. Зерттеудің мақсаты — көрінетін жарық байланысы технологиясын енгізу арқылы деректер алмасу арнасының сенімділігін арттыру. Осы мақсатқа жету үшін авторлар сандық бақылауды бағалау әдістерін ресімдеді, басқару жүйесінің құрылымдық және функционалдық моделін жасады және тәуекелдерді бағалау үшін модельдеу сынақтарын жүргізді. Тәжірибелік деректерді талдау және компьютерлік модельдеу инфрақызыл диапазонда жұмыс істейтін көрінетін жарық байланысы 3 шақырымға дейінгі қашықтықта тұрақты ақпарат алмасу арнасын қамтамасыз ететінін көрсетті. Бұл нәтиже пилотсыз жүйелер үшін шуылға төзімді және қауіпсіз ақпарат алмасу арнасын құру үшін осы технологияны пайдалану мүмкіндігін көрсетеді.

Түйін сөздер: пилотсыз жүйе, Visible Light Communication технологиясы, тәуекелді бағалау, модельдеу моделі, басқару жүйесінің моделі.

Авторлар: Керибаева Т.Б., Komada P., Кунапьянова М.С., Ерсаинова Ж.Е.
Журнал шығарылымдары: №-1 (40) 2026

Аңдатпа. Бұл жұмыста ұшқышсыз ұшу аппараттарының (ҰҰА) интеграцияланған топтарының координаттарын анықтауға арналған математикалық модель қарастырылады. ҰҰА қолдану салалары мен қашықтықтан басқарылатын аппараттарды біріктіретін ұшқышсыз авиациялық жүйелердің перспективалық бағыттары талданған. Мұндай жүйелерде өзара әрекеттесудің тұрақтылығын және сенімділігін арттыру үшін интеграцияланған топтардың тұрақты құрылымдары ұсынылған.
Назарды интеграцияланған ҰҰА топтарын модельдеудің әдістеріне аудардық, олар математикалық сипаттаманы және компьютерлік эксперименттерді қамтиды. Интеграцияланған топтардың құрылымдары қозғалыс кезінде топологияның тұрақтылығы мен деректерді жіберу арналарының сенімділігін (VLC технологиялары негізінде) ескерумен талданған. Нәтижелерді алу үшін интеграцияланған топтардың математикалық сипаттамалары және компьютерлік модельдері әзірленген, олар топологияның тұрақтылығы мен деректерді беру арналарының сенімділігі критерийлеріне сәйкес келеді. Модельдеу Matlab R2020b ортасында жүзеге асырылып, үшөлшемді координаталық жүйеде ҰҰА топтарының компьютерлік модельдері құрылған. Сонымен қатар, жұмыста интеграцияланған ҰҰА топтарының әртүрлі топологиялары қарастырылып, олардың жүйенің тұрақтылығы мен сенімділігіне әсері талданған

Түйін сөздер: әдіс, ұшқышсыз ұшу аппараттарының тобы, басқару, деректерді жіберу арналары, модель, жасанды интеллект.

Авторлар: Ли М., Маффей А., Муханова Г.

Аңдатпа. Кері жеткізу тізбектері (КЖТ) таукен өнеркәсібінде ресурстарды тиімді пайдалануды арттыру және қоршаған ортаға түсетін теріс әсерді азайту тетігі ретінде барған сайын кеңінен қарастырылуда. Алайда Қазақстан сияқты дамушы экономикаларда таукен қалдықтарын қайта өңдеудің экономикалық орындылығы ұзақ тасымалдау қашықтықтары, жоғары пайдалану шығындары және өңдеу инфрақұрылымының шектеулілігі салдарынан белгісіз болып отыр. Алдыңғы зерттеулер кері логистикаға негізделген оңтайландыру модельдерінің әлеуетін көрсеткенімен, конверсия коэффициенті көбінесе экономикалық орындылықтың негізгі шарты ретінде емес, берілген немесе тұрақты параметр ретінде қарастырылады. Бұл жағдай қолданыстағы модельдердің практикалық шешім қабылдау үдерісіндегі қолданылуын шектейді. Аталған мәселені шешу мақсатында бұл зерттеуде шекті (өтелімділік) талдау жүргізіліп, Қазақстанның тау-кен секторында кері жеткізу тізбектерінің экономикалық тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті ең төменгі конверсия коэффициенті анықталады. Кері жеткізу тізбегінің шығын құрылымына негізделе отырып, ұсынылған тәсіл әртүрлі логистикалық сценарийлер жағдайында конверсия коэффициентінің түрлі деңгейлері бойынша жүйенің рентабельділігін бағалауға мүмкіндік береді. Талдау тасымалдау, өңдеу және тұрақты пайдалану шығындарын қамтитын жиынтық шығын факторлары мен конверсия коэффициенті арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған.
Зерттеу нәтижелері кері жеткізу тізбектерінің экономикалық орындылығы конверсия коэффициентіне айтарлықтай тәуелді екенін және табыстылыққа тек нақты анықталған шекті мәннен асқан жағдайда ғана қол жеткізуге болатынын көрсетеді. Аталған шектен төмен жағдайда логистикалық тиімділікті арттырудың өзі жүйенің жалпы шығындарын өтеуге жеткіліксіз. Алынған нәтижелер таукен қалдықтарын қайта өңдеуге арналған кері жеткізу тізбектерін жоспарлаудың бастапқы кезеңдерінде конверсия коэффициентінің басым стратегиялық параметр ретіндегі маңыздылығын айқындайды. Конверсия коэффициентінің шекті мәндерін нақты анықтау мемлекеттік органдар мен өнеркәсіп өкілдері үшін практикалық шешім қабылдауды қолдайтын құрал ұсынады. Зерттеу нәтижелері экономикалық тұрғыдан негізделген кері жеткізу тізбегі стратегияларын дамытуға үлес қосып, Қазақстанның таукен өнеркәсібінде тұрақты және циркулярлық тәжірибелерге көшуге ықпал етеді.

Түйін сөздер: кері жеткізу тізбегі, конверсия коэффициенті, өтелімділік талдау, таукен қалдықтарын қайта өңдеу, экономикалық орындылық.

Авторлар: Пернебеков С.С., Джунусбеков А.С., Дутбаев Ж.Т., Омаров Б.А., Назымбетов Б.Б.

Аңдатпа. Жаһандық экономиканың дамуы, халықаралық сауда көлемінің артуы және жеткізу тізбектерінің күрделенуі көлік-логистикалық жүйелердің стратегиялық маңызын күшейтуде. Осы үдерістер аясында транзиттік әлеуеті жоғары мемлекеттер үшін көлік-логистикалық қызметтер экономикалық өсудің маңызды факторына айналуда. Қазақстан Республикасы Еуразия құрлығының орталығында орналасып, Еуропа мен Азияны байланыстыратын негізгі құрлықтық бағыттар торабында тұр. Бұл жағдай елдің халықаралық көлік дәліздері жүйесіндегі рөлін күшейтуге және көлік-логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға объективті алғышарттар жасайды. Мақаланың мақсаты — халықаралық көлік дәліздерінің дамуы жағдайында Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыру мүмкіндіктерін кешенді түрде талдау және оны іске асырудың басым бағыттарын анықтау. Зерттеу барысында Қазақстан аумағы арқылы өтетін негізгі халықаралық көлік дәліздерінің қызметі, транзиттік жүк тасымалының динамикасы, көлік инфрақұрылымының даму деңгейі қарастырылды. Әсіресе теміржол көлігі мен мультимодальды логистикалық тораптардың рөліне баса назар аударылды. Зерттеу нәтижелері көлік-логистикалық әлеуеттің қазіргі таңда негізінен транзиттік функция арқылы іске асырылып отырғанын және қосылған құн деңгейінің шектеулі екенін көрсетті. Қорытындыда көлік инфрақұрылымын жетілдіру, логистикалық хабтар желісін дамыту және цифрлық технологияларды енгізу Қазақстанның халықаралық көлік жүйесіндегі бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі шарттары ретінде негізделді.

Түйін сөздер: көлік-логистикалық әлеует, халықаралық көлік дәліздері, транзит, теміржол көлігі, мультимодальды тасымал, логистикалық хаб, көліктік инфрақұрылым.

Авторлар: Имашева Г.М., Чакеева К.С., Киселёва О.Г., Бекжанова С.Е., Нурланова А.Т.

Аңдатпа. Мақалада цифрлық логистиканы зерделеумен және Қазақстанның көлік-логистика секторына заманауи технологияларды енгізу дәрежесін талдаумен байланысты мәселелер қаралады. Зерттеу технологиялық дайындық, инновациялық даму және логистиканың тиімділігі арасындағы өзара байланысты бағалауға негізделген. 1990 жылдардың соңынан бастап, алғаш рет интернет-технологиялар мен цифрлық экономика тұжырымдамалары кеңінен талқылана бастаған кезде, бизнес-процестер мен тұтыну практикаларын түбегейлі өзгерткен елеулі өзгерістер болды. Екі оннан астам жылда цифрландыру көлік логистикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігінің маңызды факторына айналды. Бүгінде цифрландыру инновациялық құбылыс ретінде қабылданбайды, ол саланы дамытудың нормативтік стандарты болып саналады. Электрондық билеттер, жолаушыларды онлайн-тіркеу жүйелері, сандық навигациялық платформалар және таксиге арналған мобильді қосымшалар тәжірибелік мысалдар болып табылады. Бір кездері қол жеткізе алмайтындай болып көрінетін бұл технологиялар енді күнделікті логистикалық операциялар мен тұтынушылық практикаларға біріктірілді. Сонымен қатар жалғасып жатқан цифрлық трансформация пилотсыз көлік құралдары, жол қозғалысын басқарудың зияткерлік жүйелері және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылауға қабілетті зияткерлік көлік инфрақұрылымы сияқты озық шешімдерді енгізуге барған сайын көбірек бағдарланған. Цифрлық платформалар логистикалық тізбектердің ашықтығын, қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ете отырып, қазіргі заманғы жаһандық экономиканың іргетасына айналуда. Олардың рөлі Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесінің жаһандық жеткізу тізбегіне ықпалдасуын тереңдету үшін ерекше маңызды, бұл орнықты экономикалық дамуға және елдің транзиттік әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Түйін сөздер: цифрлық логистика, цифрландыру, инновациялар, көлік инфрақұрылымы, жүк тасымалы.

Авторлар: Нохатов М.А., Кобдикова Ш.М., Айкумбеко М.Н.

Аңдатпа. Бүгінде әлемнің, оның ішінде еліміздің бірнеше қалаларында автокөлік тұрақтарын ұйымдастыру өзекті мәселе болып табылады. Бұл көлемі үнемі өсіп келе жатқан автомобильдену қарқынымен байланысты. Бұның әсері қалалық магистральдық көшелерде немесе көше — жол тораптарында көлік құралдарының қозғалыс қарқындылығының артуынан, көше-жол тораптары мен магистральдық көшелердің өткізу қабілетінің төмендеуінен, көше — жол тораптарының көліктік жүктемелік деңгейінің өсе түсуімен түсіндіріледі. Қалыптасқан жағдайға байланысты қала билігіне автотұрақтарды ұйымдастыру мен басқарудың кешенді жобасын әзірлеу міндеттеледі. Белгілі-бір қаланың көлік инфрақұрылымының жағдайы жеке екені белгілі; оның өзіндік ерекшеліктері, тарихы немесе мәселелері бар. Дегенмен, автомобильдену деңгейі жоғары елдерде шетелдік тәжірибені талдау және пайдалану құнды материал, үлгі болып табылады және еліміздің ірі қалаларында автотұрақтарды ұйымдастыру мәселесін шешу барысында ескерілуі қажет. Қалалық көлік ағынын арттыру мақсатында қалалық магистральды көшелерде айтулы өзгерістер енгізу тәжірибесі дерлік қалаларға тән жағдай. Көлік құралдары қозғалыстарының жеке кезеңінде магистральды көшелерде көліктік жүктеме басымдығын бәсеңдету «тоспа» автотұрақтар жүйесімен іске асырылуы мүмкін. Осы зерттеуде изохрондық әдіс көлік жүйелерінің кеңістік-уақыттық тиімділігін бағалаудың негізгі әдістемелік құралы ретінде қарастырылады. Ұсынылған әдіс қалалық деңгейдегі көлік ағынын зерттеу негізінде талдауға ғана бағытталған.

Түйін сөздер: тоспа тұрақ, пик уақыт, қозғалыс кідірісі, тұрақ жүйелері, қозғалыс қарқындылығы, изохрон, көлік жүктемесі, автомобиль көлігі, магистралдық көшелер, көлік ағынының құрамы, көше-жол торабы.

Авторлар: Жайлин А.Г., Бекарыстанкызы А., Актанова Б.М.

Аңдатпа. Кванттық есептеу — бұл дәстүрлі есептеу әдістеріне үлкен әсер ететін озық технология, бұл біздің цифрлық қауіпсіздігіміздің негізін құрайтын криптографиялық жүйелер үшін үлкен қиындық тудырады. Бұл зерттеу тезисі Кванттық дәуірдегі криптографиялық тұрақтылыққа арналған, Бұл Кезде Rsa және эллиптикалық, қисық криптография сияқты негізгі алгоритмдер Шор алгоритмін қолдану арқылы бұзылады, ал симметриялы примитивтер Гровердің іздеуіне қарсы қауіпсіздігінің жартысын жоғалтады. Зерттеудің мақсаты-қауіптің кванттық моделін мұқият түсіну және эксперименттер арқылы классикалық және посткванттық криптографиялық механизмдер үшін нақты «кванттық қауіпсіздік құны» қандай екенін анықтау. Әдістеме әдебиеттерге жүйелі шолуды қайталанатын эталондық жүйені (QCCB) пайдалана отырып жүргізілетін экспериментпен біріктіреді, ол өнімділіктің статистикалық бағаларын (орташа, дисперсиялық және сенімділік интервалдары) және машинада оқылатын нәтижелердің артефактілерін шығарады.. Эксперименттік нәтижелер тәуекелдің сандық көрсеткіштеріне негізделген көші-қон перспективасын растайды (i) rsa, 2048 және басқа да классикалық жалпыға қол жетімді негізгі схемалардың осалдық терезесі, оның ішінде (ii) nist стандарттауымен келісетін кванттан кейінгі үміткерлердің салыстырмалы өнімділігі мен өлшемдік сипаттамалары. Сонымен қатар, зерттеу шешім қабылдауға бағытталған Бағалау көрсеткішін-Қауіпсіздік Шығындарының Индексін (SCI) енгізеді, ол мақсатты қауіпсіздік деңгейлерінің есептеу үстеме шығындарымен арақатынасын түсінуді жеңілдетеді, бұл қолданыстағы компаға байланысты орналастыруды жоспарлаудың әртүрлі сценарийлерін түсінуге мүмкіндік береді. Құжатта стандартталған және өлшенетін, қайталанатын және нақты компаға келу көрсеткішімен өлшенетін посткванттық криптографияға көшу ұзақ мерзімді перспективада «қазір егін жинау, кейінірек шифрды шешу» тәуекелімен салыстырғанда құпиялылықты, тұтастықты және түпнұсқалықты қамтамасыз ету бойынша күш-жігердің негізі болуы керек делінген.

Түйін сөздер: Кванттық Есептеу, Посткванттық Криптография, NIST FIPS 203/204/205, ML-KEM, ML-DSA, Криптографиялық Тұрақтылық, Шор Алгоритмі, Гровер Алгоритмі, Гибридті Криптография, Қауіпсіздік Миграциясы, HNDL Шабуылы, Торлы Криптография

Авторлар: Базарова М.Ж., Алибеккызы Қ., Адиканова С., Бугубаева А.Ж.

Аңдатпа. Мақалада STEM-бағдарланған тәсілдерге баса назар аудара отырып, білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында оқытушылардың біліктілігін арттыру процесін ресімдеуге және қолдауға арналған онтологияны әзірлеу қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ХХІ ғасыр оқытушыларының кәсіби құзыреттіліктерін жүйелі түрде ұсыну және олардың цифрлық білім беру орталарында өлшенуін қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың мақсаты бірыңғай ақпараттық құрылымда STEM-әдістерді, құзыреттерді, олардың қалыптасу индикаторларын, бағалау құралдары мен бақылау нысандарын біріктіруді қамтамасыз ететін онтологиялық модель құру болып табылады. Зерттеуде онтологиялық модельдеу әдістері, OWL мекен-жайларын қолдана отырып білімді формальды сипаттау және деректерді талдау және алу үшін SPARQL сұраулары қолданылды. Нәтижесінде «STEM-әдіс – құзыреттілік – индикаторлар – құралдар – Бақылау нысандары» сәйкестік матрицасын іске асыратын және оқытушылардың кәсіби дамуының автоматтандырылған мониторингін қолдайтын онтология әзірленді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы онтологиялық тәсіл негізінде біліктілікті арттыру процесін кешенді ресімдеу болып табылады. Практикалық маңыздылығы біліктілікті арттырудың цифрлық платформаларында, шешім қабылдауды қолдау жүйелерінде және педагогикалық білім беру сапасын талдауда онтологияны қолдану мүмкіндігімен анықталады.

Түйін сөздер: STEM-білім беру, оқытушылардың біліктілігін арттыру, кәсіби құзыреттілік, білім берудің цифрлық трансформациясы, STEM-әдістер, әдіснамалық модель, құзыреттілікті бағалау.

Загрузка...