ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ АВИАЦИЯЛЫҚ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар: Рысбекова А.А.,Карипбаев С.Ж.
ӘОЖ 62-6

Аңдатпа. Қазір авиацияда қолданылатын жанармайдың негізгі түрі мұнайдан өндірілген авиациялық бензин және авиациялық керосин болып табылады. Авиациялық бензин поршеньді авиациялық қозғалтқыштарда қолдануға арналған, ал авиациялық керосин ұшу аппараттарының турбобұрандалы және турбореактивті қозғалтқыштарында қолданылады. Азаматтық авиацияның барлық қызметінің басты мақсаты -ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін аса маңызды шарт — ұшу жарамдылығы нормаларында белгіленген пайдалану шектеулерін ескере отырып, әуе кемелерін пайдалану. Ол шарттардың бірі – авиациялық жанар-жағар майдың жарамдылығы. Ұшу қауіпсіздігі саласындағы қызмет көп қырлы және кешенді сипатқа ие екені жалпыға мәлім. Мұнда бір мақсатқа жұмыс істейтін көптеген авиациялық қызметтердің өзара әрекеттесу жүйелері бір түйінге байланған, бірақ сонымен бірге олардың арасындағы жауапкершіліктер қатаң түрде тең бөлінген. Авиация саласындағы жауапкерішілігі өте жоғары бағыттардаң бірі – жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бағыты. Бірақ соған қарамастан қазіргі таңда бұл бағытта да шешілмеген проблемалар баршылық. Бір қызығы – бұл саладағы проблемалардың барлығы делік техникалық емес. Яғни адами факторлардан туындайды. Демек адамның өз қолымен жасалған. Проблема техникалық емес болғандақтан, оны шешу ұйымдастырушылық өрісінде жатыр. Осы мақалада авиация саласындағы жанар-жағар маймен қамтамасыз ету жұмысындағы ұйымдастыру проблемалары зерттеледі.

Түйін сөздер: әуе кемесі, авиациялық техника, нарықтық механизмдер, авиациялық жанар-жағар май.

Нөмір мұрағаты:
№-3 (22) 2021

Айдарлар

Журналдар