Аңдатпа. Мақалада жеткізілім тізбегінің ашықтығына қатысты мәселелерді шешуге шолу жасалады. Жұмыстың артықшылықтары: біздің еліміздің логистикадағы бәсекеге қабілеттілігін бағалау, жеткізілім тізбегін жақсартудың жаңа әдістерін қолдану және зияткерлік-логистикалық шешімдерді қолдану. Қазақстан аумағы жағынан әлемдегі тоғызыншы мемлекет екені белгілі. Еуразия құрлығының қақ ортасында Еуропа мен Азия шептерінің түйіскен тұсында орналасқан біздің еліміз жоғары транзиттік әлеуетке ие.
Әлемдік дағдарыс салдарын еңсеру кезеңінде Қытайдың ірі өндірушісі мен Еуропаның Елеулі тұтынушысы арасындағы жүк ағыны көлемінің өсуін ескере отырып, Қазақстанның көлік саясатының негізгі мақсаты Еуразиялық трансқұрлықтық көпірді одан әрі құру болып қала береді. Ал елдің транзиттік әлеуетінің толық жұмыс істеуі үшін логистикаға жаңа технологияларды енгізу қажет. Бұл қандай технология туралы, біз мақалада әрі қарай қарастырамыз.
Түйін сөздер: логистика, зияткерлік шешім, жеткізу тізбегі, ашықтық, тасымалдау.