XIX ҒАСЫР ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ЖАТСЫНУ МӘСЕЛЕСІ

Авторлар: Акбаева А.Н., Акбаева Л.Н.
ӘОЖ 101.1::316

Аңдатпа. Мақалада XIX ғасыр қазақ ойшылдарының көзқарасындағы жатсыну мәселесі қарастырылған. «Жатсыну» түсінігінің мәні заттық қоғамдық қатынастардың үстемдігі нәтижесінде адамның адамды қанау аясы кеңейтіліп, нәтижесінде жеке адамдардың зат деңгейіне түсіп, оларға тәуелді болатындығы. Мақала авторлары жатсынудың екі түрін қарастырады: саяси және моральдық. Саяси жатсыну биліктің еңбекші халыққа деген озбырлығы ретінде көрсетіліп, соның нәтижесінде шексіз билікке ие билеуші элитаның өз қол астындағыларды аяусыз қанап, тонауы. С.Торайғыровтың дүниетанымында көрсетілген феодалдық элита мен халық арасындағы орасан зор әлеуметтік алшақтық азаттықтың елес екенін айтып, кедейлердің үнемі байларға қызмет етуге мәжбүр екендігін көрсетті. Қазақ ойшылдары С. Торайғыров, Ш. Құдайбердиев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытовтар моральдық жатсынудың негізгі себептері ретінде қазақ даласының азғын феодалдық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінен: қалың мал, амангерлік, бесіктен ұзату, көп әйел алудан көрді. Сондықтан феодалдық қоғамда қазақ әйелінің бостандық пен өз еркімен таңдау еркіндігіне ие болу мәселесін қазақ ойшылдары бүкіл ұлтты жаңғырту мәселесі ретінде қарастырды.

Түйін сөздер: жатсыну мәселесі, саяси жатсыну, моральдық жатсыну, озбыр билік көрсету, азғын феодалдық әдет-ғұрыптар, әйелдің трагедиялық жағдайы.