Аңдатпа. Соңғы жылдары ғылыми-техникалық жетістіктер ғылым мен білімнің дамуына мүмкіндік беріп, шексіз ақпарат алмасудың негізін құрайтын дүниежүзілік коммуникацияларды орнатуға мүмкіндік берді.Әрбір елде ақпараттық технологияның және дүниежүзілік интернет жүйесінің дамуы – бұл жаңашылдық болып табылады. Мемлекеттік құрылым және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық салаларының табысты жұмыс істеуіне ықпал етті. Сондықтан қазіргі заманда мемлекеттік қоғамның әрбір азаматы компьютер арқылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) шебер пайдалануы қажет.
Ақпараттық технологиялар бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін қалыптастыруда және оның мүмкіндіктерін жаһандық білімдер арасында тиімді пайдалануда үлкен рөл атқарады. Ақпараттық технология – электронды есептеуіш техниканың жұмысына негізделген, компьютерді оқытуда, модельдеуде, электронды оқулықтарда, интерактивті пәндерде, интернетпен жұмыс істеуде және компьютерлік оқыту бағдарламаларында пайдалануға негізделген. Ақпараттық оқу материалдары қарым-қатынас пәндерін қолданумен байланыстыра оқытуды қамтамасыз етеді.
Түйін сөздер: ақпараттық технология, интернет, электрондық жүйе, ғылым мен техника, компьютерлік білімділік.