АВТОМОБИЛЬ ЖӘНЕ ӘУЕ КӨЛІГІНІҢ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛЫНДА ГАБАРИТТІ ЕМЕС ЖӘНЕ СТАНДАРТТЫ ЕМЕС ЖҮКТЕРДІ ТАСЫМАЛДАУ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ ЛОГИСТИКАНЫҢ РӨЛІ

Авторлар: Есполаева К.Р., Заритовская В.К.
ӘОЖ 656.13(075.8):656.7.025

Аңдатпа. Тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүктерді жүк алушыға жеткізу жылдамдығымен бір орында тұрады. Жол бойында жүк бүлініп қалса, жеткізу жылдамдығының мәні болмайды. Бұл фактор қосымша тасымалдау жағдайларын талап ететін стандартты емес және габаритті емес жүктерді тасымалдау кезінде өткір проблема болып табылады. Бұл жүк түрлері әуе және автомобиль көлігінің өзара әрекеттесуін қолдана отырып, алыс қашықтыққа ыңғайлы түрде тасымалданады. Көлемі үлкен жүктер жүк көліктері мен жол қозғалысының басқа қатысушылары үшін көптеген кедергілерің келтіреді. Өкінішке орай, көліктің бұл түрінсіз жүк алушының «есігіне дейін» жеткізу мүмкін емес, сондықтан тасымалдаушы жүктің және басқалардың қауіпсіздігі үшін белгілі бір тасымалдау ережелерін қатаң сақтауы керек.

Түйін сөздер: ірі габаритті жүкті, стандартты емес жүктер, тасымалдау, қауіпсіздік, ережелер, өзара әрекеттесу.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (20) 2021

Айдарлар

Журналдар