ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Авторлар: Жолдасова Г.И.
ӘОЖ 338

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасындағы инновациялық дамуды жүзеге асырудың қазіргі жағдайы мен проблемаларын зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл тақырып өзекті, өйткені инновациялық технологияларды енгізу ұлттық құрылымды әртараптандыру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыра алады. Индустриялық-инновациялық негіздегі тұрақты даму Қазақстан үшін басымды бағыт болып табылады. Мақалада салыстыру мақсатында елдердің инновациялық даму деңгейін сипаттайтын негізгі параметрлер келтірілген, сонымен қатар Қазақстан экономикасының инновациялық даму жолына өтуіне кедергі келтіретін мәселелер талданған. Мақаланың басты аспектісі — «Қазақстан-2050» стратегиясына, яғни «білім-ғылым, инновация» ұғымдарының өзара байланысы. Мақалада сонымен қатар, кейбір жетістіктер проблемалар мен Қазақстандағы кәсіпорындардың инновациялық дамуына кедергі келтіретін факторлар туралы айтылған. Инновациялық жобаларды іске асыруды қаржыландыруды ұйымдастырудың бірнеше мысалдары келтірілген. Жасалған қорытындыларға сүйенсек, инновациялық әлеуетті тиімді пайдалану үшін кәсіпорындар тарапынан күш-жігерді арттыру қажеттілігін көрсетеді.

Түйін сөздер: инновация, даму, тиімділік, бәсекеге қабілеттілік, экономика, менеджмент, стратегия

Нөмір мұрағаты:
№-1 (20) 2021

Айдарлар

Журналдар