Аңдатпа. Бұл мақалада бірін-бірі толықтыратын цифрлық технологияларды, яғни платформалық және бұлтты технологияларды енгізудің нәтижелері және қандай мүмкіндіктер нақты болатындығы көрсетілген. Инновациялық цифрлық технологияларды енгізудің жаңа принципінің арқасында көлік процестері жүзеге асырылатын болады. Біріншіден, ішкі нарық жаңа цифрлық қызметтерді жобалай алады, содан кейін — оларды қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымды құру немесе интеграциялау. Жұмыс платформалық және бұлтты технологиялардың синергиясына, бұлтты технологиялардың өзектілігіне, сондай-ақ деректердің қауіпсіздігі мәселелеріне және бұл электрондық коммерциялық қызметтердің дамуына қалай әсер етуі мүмкіндігіне бағытталған.
Түйін сөздер: платформалар, бұлт, технология, қауіпсіздік, желі, ақпарат, қатысушылар, логистика.