ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ 2023 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАҢАСАЯСИ КҮН ТӘРТІБІ РЕТІНДЕ

Аңдатпа. Мақалада Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі«Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгіережелеріне терең саясаттанушылық талдау берілген. Жолдауда президент Тоқаев елдегіқалыптасқан жағдайға шолу жасады, орта мерзімді кезеңдегі жұмыстың негізгі бағыттарынбелгіледі, қоғамдық өмірдің барлық «ауыр» нүктелерін қамтыды және Үкімет алдына біздіңқоғам дамуының нақты векторларын қойды. Президенттің ойынша, 2022 жылы жүргізілгенсаяси жаңғырудың […]

ҚАЗАҚСТАН 2020-2030 СЫРТҚЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңатұжырымдамасының маңыздылығы, онда қолданылатын ескі және жаңа тәсілдер менқағидаттар, жаңартылған басымдықтар ашылады. Авторлар Қазақстанның халықаралыққатынастар жүйесіндегі қазіргі жағдайға, халықаралық тәжірибеге, сыртқы саясаттың негізгіпринциптеріне дәйекті саяси талдау жасайды. Мақалада Қазақстанның сыртқы саясистратегиясының мақсаттары мен міндеттері, еліміздің халықаралық аренадағы негізгібасымдықтары, сыртқы саясатты жүзеге асыру құралдары, іске асыру кезеңдері мен күтілетіннәтижелер көрсетілген. […]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭТНОЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

Аңдатпа. Мақалада авторлар республикадағы жоғары оқу орындарында «Этностетика»пәнін енгізу қажеттілігімен өзектелген Қазақстандағы этноэстетикалық тәрбиеніңактуальдылығы мен практикалық маңыздылығын ашып көрсеткен. Пәнді оқытудың мақсаты– тұлғаның этностетикалық типін қалыптастыру. Тек ондай тип қазақ қоғамынатұрақтандырушы, ұзақ мерзімді бағдарланған рухани принципті енгізе алады. Этноэстетикапән ретінде үш бөлімнен тұрады: 1) қазақ эстетикасының даму тарихы; 2) этноэстетикалықтәрбие; 3) теориялық этноэстетика. Этноэстетика тарихы […]

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДА ӘР АЗАМАТ ҮШІН ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР
(Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаевтың 01.09.2022 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы бойынша)

Аңдатпа. Мақалада 2022 жылдың 1 қыркүйегінде өткен Мемлекет басшысы Тоқаевтың Қазақстан халқына «Әділ мемлекет. Біріккен ұлт. Өркендеген қоғам» атты Жолдауында көрсетілген қазақ қоғамының үйлесімді дамуының үш факторы қарастырылады. Оларға – ұлт денсаулығын қамтамасыз ету, білім беру жүйесінің деңгейін көтеру және әлеуметтік саланы реформалау салалары жатады. Жолдауда белгіленген стратегиялық бағдарларды жүзеге асырудың критерийі – адамдар. Демек, […]

XIX ҒАСЫР ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ЖАТСЫНУ МӘСЕЛЕСІ

Аңдатпа. Мақалада XIX ғасыр қазақ ойшылдарының көзқарасындағы жатсыну мәселесі қарастырылған. «Жатсыну» түсінігінің мәні заттық қоғамдық қатынастардың үстемдігі нәтижесінде адамның адамды қанау аясы кеңейтіліп, нәтижесінде жеке адамдардың зат деңгейіне түсіп, оларға тәуелді болатындығы. Мақала авторлары жатсынудың екі түрін қарастырады: саяси және моральдық. Саяси жатсыну биліктің еңбекші халыққа деген озбырлығы ретінде көрсетіліп, соның нәтижесінде шексіз билікке ие […]

ЭТНОЭСТЕТИКА КАТЕГОРИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ

Аңдатпа. Мақалада этноэстетиканың негізгі ұғымдары ретінде этноэстетикалық категориялар жүйесі қарастырылып отыр. Қазақ эстетика ғылымында эстетика категориялары үш деңгейде қарастырылады: 1) философиялық, яғни эстетикалық категорияларды философиялық-эстетикалық контексте талдау тұрғысында; 2) қазақ аспаптық музыкасындағы музыкалық эстетикалық категорияларды қарастыратын өнертануда; 3) қазақ әдебиеті контекстіндегі эстетикалық категорияларды әдеби зерттеу тұрғысында.Авторлар негізгі этноэстетикалық категориялар жүйесін келесі топтарға бөліп қарастырды: 1) […]

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҢЫ ЭТНОЭСТЕТИКАЛЫҚ БІЛІМ: АКТУАЛЬДЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

Аңдатпа. Мақалада авторлар республикадағы жоғары оқу орындарында «Этностетика» пәнін енгізу қажеттілігімен өзектелген Қазақстандағы этноэстетикалық тәрбиенің актуальдылығы мен практикалық маңыздылығын ашып көрсеткен. Пәнді оқытудың мақсаты – тұлғаның этностетикалық типін қалыптастыру. Тек ондай тип қазақ қоғамына тұрақтандырушы, ұзақ мерзімді бағдарланған рухани принципті енгізе алады. Этноэстетика пән ретінде үш бөлімнен тұрады: 1) қазақ эстетикасының даму тарихы; 2) этноэстетикалық […]

ГЕНДЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР ДИНАМИКАСЫ

Аңдатпа. Мақалада Еуропадағы гендерлік қатынастардың ерте капитализм кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі динамикасы қарастырылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы еңбек нарығының гендерлік режимінде қазіргі экономикадағы құрылымдық өзгерістерге байланысты болып жатқан үрдістерге талдау жасалады.Қазіргі қоғамда еркек пен әйелдің өзара әрекеттесуі тек гендерлік айырмашылыққа негізделген қатынас ретінде ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қызмет салаларындағы мүмкіндіктердің теңсіздігіне негізделген қатынас ретінде […]

ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰБЫЛЫСТАР РЕТІНДЕ ДЕНСАУЛЫҚ ПЕН АУРУДЫ СОЦИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Аңдатпа. Мақалада адамның/халықтың денсаулығы және ауру мәселелеріне әлеуметтік және табиғи құбылыстар ретінде тарихи, әлеуметтік-саяси, моральдық-эстетикалық, психофизиологиялық аспектілері тұрғысында социологиялық талдау жасалған. Денсаулыққа әсер ететін факторлар мен ауру мен аурушаңдықтың физикалық себептері талданады. Салауатты өмір салтының әлеуметтік және биологиялық факторлары қарастырылған. Сонымен қатар, авторлар адамға қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың әсер етуі нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар ауруларға (туберкулез, […]