ҚАЗАҚСТАН 2020-2030 СЫРТҚЫ САЯСАТ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар: Акбаева А.Н., Акбаева Л.Н.
ӘОЖ 32:005.745

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының жаңа
тұжырымдамасының маңыздылығы, онда қолданылатын ескі және жаңа тәсілдер мен
қағидаттар, жаңартылған басымдықтар ашылады. Авторлар Қазақстанның халықаралық
қатынастар жүйесіндегі қазіргі жағдайға, халықаралық тәжірибеге, сыртқы саясаттың негізгі
принциптеріне дәйекті саяси талдау жасайды. Мақалада Қазақстанның сыртқы саяси
стратегиясының мақсаттары мен міндеттері, еліміздің халықаралық аренадағы негізгі
басымдықтары, сыртқы саясатты жүзеге асыру құралдары, іске асыру кезеңдері мен күтілетін
нәтижелер көрсетілген. Мақала авторлары халықаралық қатынастар жүйесіндегі қазіргі жағдайды талдау арқылы жаңа тұжырымдаманың бұрынғысынан ерекшеленетінін атап көрсетеді. Бұл ретте
сенім дағдарысы және әртүрлі халықаралық акторлар арасындағы қақтығыстардың күшеюі
сияқты осы жүйеге қатысты сын-қатерлер мен қауіптерді анықтауға баса назар аударылады.
Қазақстан, бір жағынан, «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», әлемдік саясаттың
жаһандық және аймақтық деңгейінде болып жатқан үдерістерді жақсы түсінеді және ескереді.
Екінші жағынан, халықаралық аренадағы түсініксіз жағдайларда ол өзін «халықаралық және
аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатын халықаралық
қоғамдастықтың белсенді және жауапты мүшесі» ретінде көрсету маңызды және тиімді.
шетелдік серіктестермен достық, болжамды және өзара тиімді қарым-қатынастарды сақтауға
бағытталған.

Түйін сөздер: сенім дағдарысы, көпжақтылық, адам факторы, инвестициялық ынтымақтастық, «жұмсақ күш», «аймақтағы жетекші мемлекет» мәртебесі, «халық дипломатиясы» құралдары.

Нөмір мұрағаты:
№-2 (29) 2023

Айдарлар

Журналдар