ТӨТЕНШЕ МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ ТІКҰШАҚТЫҢ ҰШУЫНА ӘСЕРІ

Авторлар: Закирова Л.З.
ӘОЖ 62-541.7

Аңдатпа. Бұл мақалада ауа райы құбылыстары жағдайында тікұшақты басқару және орындау техникасы қарастырылған. Азаматтық авиацияның барлық ұшулары ұшу экипажы ұшу аймағындағы, қону алаңындағы және балама әуеайлақтардағы метеорологиялық жағдайды білген жағдайда ғана орындалуы мүмкін. Сондықтан әрбір ұшқыш қажетті метеорологиялық білімді еркін меңгеруі, метеорологиялық құбылыстардың физикалық табиғатын, олардың синоптикалық процестердің дамуымен байланысын және жергілікті физикалық-географиялық жағдайларды түсінуі өте маңызды, бұл ұшу қауіпсіздігінің кепілі. Ауа райының ықпалы: жел, жаңбыр, суық, қар, тұман, бұлт немесе найзағай ауа райының өзгеруіне әсер етеді.

Түйін сөздер: АГБ, ВВП, крен, тангаж, ақпараттық жүйе, азаматтық авиация, көлік, әуе жылдамдығының нақты көрсеткіші (ASI), тік жылдамдық индикаторы (VSI), өмірлік цикл.

Нөмір мұрағаты:
№-3 (22) 2021

Айдарлар

Журналдар