ЖЫЛДАМДЫҚ ШЕКТЕРІНЕН ТЫС: FAST ON APPROACH ӘКЕЛЕТІН ЭНЕРГИЯНЫ БАСҚАРУДЫҢ ДЕГРАДАЦИЯСЫ

Авторлар: Кошеков К.Т., Жомарт М.Р.
ҒТАХА 73.37.37

Аңдатпа. Тұрақтандырылмаған қонуға кірісулер коммерциялық авиациядағы ең тұрақты қауіп факторларының бірі болып қала береді және ұзын қону мен ұшу-қону жолағынан шығып кету оқиғаларымен тығыз байланысты. Қауіпсіздікті бақылаудың дәстүрлі тәсілдері негізінен тұрақтандырылған қону гейттері шеңберіндегі параметрлердің шекті мәндерден асуын анықтауға сүйенгенімен, мұндай нәтижелерге дейін қалыптасатын энергияны басқару үдерістеріне айтарлықтай аз көңіл бөлінеді. Бұл зерттеуде Boeing 737 NG және MAX әуе кемелерінің аралас паркі бойынша он екі айлық пайдалану кезеңінде жиналған Quick Access Recorder (QAR) деректеріне негізделген эмпирикалық талдау ұсынылады. Ұшулар номинал және тәуекел топтарына бөлініп, қонуға кірісу фазасы барысында бірнеше биіктік интервалдарында энергияны басқарудың негізгі параметрлеріндегі жүйелі айырмашылықтар вариабельділікке негізделген аналитикалық тәсіл арқылы зерттелді. Нәтижелер Fast on Approach жағдайын оқшауланған жылдамдықтың асуы ретінде емес, тұрақтандырылған қону критерийлері ресми түрде бұзылғанға дейін әлдеқайда ерте дамитын энергияны басқарудың біртіндеп деградациясы ретінде қарастыру қажет екенін көрсетеді. Fast on Approach жағдайы жылдамдықтың ұзақ сақталатын ауытқуларымен, тарту күшінің жоғары модуляциясымен, тангаж вариабельділігінің артуымен және артық энергияның қону фазасына өту ықтималдығының жоғарылауымен тұрақты түрде байланысты болды. Fast on Approach пен ұзын қону оқиғалары арасындағы анықталған байланыс қонуға кірісу кезіндегі артық жылдамдықты энергияны басқарудағы ерте ауытқулар мен қолайсыз қону нәтижелерін байланыстыратын аралық жағымсыз әуе кемесі күйі ретінде түсіндіруге мүмкіндік береді. Зерттеу қонуға кірісу кезіндегі энергияны басқаруға тәуекелге және вариабельділікке негізделген көзқарасты ұсынады, ол дәстүрлі шекті мониторинг логикасын толықтырады. Алынған нәтижелер ұшу деректерін мониторингтеу жүйелері, ұшқыштарды даярлау бағдарламалары және қонуға кірісу кезіндегі энергияны басқару деградациясын ерте анықтауға бағытталған проактивті қауіпсіздік басқару тәжірибелері үшін тікелей практикалық маңызға ие.

Түйін сөздер: тұрақтандырылмаған қонуға кіру, энергияны басқару, fast on approach, ұзын қону, ұшу деректерін мониторингілеу, қауіптер мен қателіктерді басқару, ұшу-қону жолағынан шығып кету қаупі.