НЕГІЗГІ ТЕХНИКАЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛДІК МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Авторлар: Кашкинбаева К.
ӘОЖ 372.881.111.1

Аңдатпа. Адамдар түсінеді, сөйлеседі, бір-бірімен өз тілінде пікір алмасады. Тілді үйрену дегеніміз-мәдениетпен танысу, тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдалану немесе басқа тілді терең үйрену. Шет тілдерінің ішінде ағылшын тілі халықаралық қатынас тілі болып табылады. Қоғам мен уақыт ағылшын тілін тереңдетіп, жан-жақты оқытуды қажет етеді. Тәуелсіз ел болу және әлемдік өркениеттің даму жолына түсу ағылшын тілін жақсы меңгеруді талап етеді. Университеттерде базалық техникалық ағылшын тілін оқытудың мақсаты ағылшын тілінде тілдесу негіздерін меңгеру болып табылады. Ал бейресми әлемдік тіл ретінде танылған ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Ана тілі мен шет тілдерін үйрену оқу процесінің бөлігі бола отырып, білім берудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Біздің еліміздің басқа елдермен қарым — қатынасы күннен-күнге дамып келеді, сондықтан біздің қазіргі міндетіміз-ағылшын тілін жетік білетін және өз білімін мамандықтың әртүрлі салаларында қолдана алатын болашақ ұрпақты дайындау. Кез-келген шет тілін кәсіби деңгейде меңгеру үшін лексика мен терминологияны үйрену қажет. Бұл мақалада жаңа лексика мен терминологиямен жұмыс істеудің кейбір әдістері қарастырылады.
Түйін сөздер: лексика, терминология, шет тілін оқыту.