Аңдатпа. Мақалада Еуропадағы гендерлік қатынастардың ерте капитализм кезеңінен бастап қазіргі уақытқа дейінгі динамикасы қарастырылады. Сондай-ақ, Қазақстандағы еңбек нарығының гендерлік режимінде қазіргі экономикадағы құрылымдық өзгерістерге байланысты болып жатқан үрдістерге талдау жасалады.
Қазіргі қоғамда еркек пен әйелдің өзара әрекеттесуі тек гендерлік айырмашылыққа негізделген қатынас ретінде ғана емес, сонымен қатар әр түрлі қызмет салаларындағы мүмкіндіктердің теңсіздігіне негізделген қатынас ретінде пайда болады. Осыған байланысты біз еңбек нарығында гендерлік теңсіздіктің көріністерімен кездесеміз. Кез-келген қоғамда жұмыс күші жасына және жынысына байланысты бөлінеді, соның салдарынан кейбір қызмет салалары толығымен әйелдердікі болса, кейбіреулері – толығымен еркектердің құзыретінде болатындығы көрсетілген. Мысалы, бұрын саясат пен экономиканың жетекші салаларын қамтитын қоғамдық салада ер адамдар басым болды, ал әйелдер саяси сферадан және басқа да қоғамдық сфералардан мүлдем шеттетіліп, тек үй шаруашылығында және жеке сферада үстемдік еткен. Сөйтіп нарықтық экономикадан туындаған трансформациялық процестер әйелдер мен еркектерді «гендерлік дағдарыс» жағдайына душар етті.
Түйін сөздер: гендерлік қатынастар, жыныстық айырмашылықтар, гендерлік теңсіздік, еңбек нарығының гендерлік режимі, жеке сфера, қоғамдық сфера.