Аңдатпа. Халықаралық маршруттарда радио алмасу кезінде ағылшын тілін қолданатын
ұшқыштар, авиадиспетчерлер және өзге де персоналдар ИКАО-ның шеттілін меңгеруге
қойылатын талаптарына сай болу үшін кем дегенде ағылшын тілін 4-деңгейде (жұмысшы)
білуі тиіс. Тілді меңгеруге қойылатын талаптар көрсетілген ИКАО 9835 құжатына А (1-
қосымша) қосымшасында ұшқыштар, әуе қозғалысының диспетчерлері және авиациялық
станция операторлары радиотелефон байланысында пайдаланылатын тілде сөйлеу қабілетін
көрсетуі және оны осы қосымшада көрсетілген деңгейде түсінуі тиіс екендігі айтылады.
Сонымен қатар, құжатта алты дескриптор қарастырылған: айтылым; құрылым; сөздік қоры;
сөйлеу еркіндігі; түсіну деңгейі; қарым-қатынас/ байланыс құру. Үміткердің шеттілдік деңгейі
алты дескриптор негізінде бағаланады. ақаланың мақсаты азаматтық авиация саласында студенттердің шеттілдік деңгейін анықтауда халықаралық талаптар негізінде бағалаудың тиімді әдіс-тәсілдерін айқындау. Ғылыми мақаланың мақсатына жету үшін екіншілік зерттеулерге сапалық әдістің тәсілдері қолданылды және Отандық, халықаралық нормативті-құқықтық құжаттарға,
әдебиеттерге шолу жасалынды.
Түйін сөздер: авиация, ағылшын тілі, ИКАО, сөздік қор, сөйлеу еркіндігі, түсіну деңгейі,
қарым-қатынас.