Аңдатпа. Мақала заманауи білім берудегі смарт технологиялар феноменін әмбебап және кәсіби құзыреттілікті дамыту тұрғысынан теориялық қарастыруға арналған. Оқушыларды оқыту үдерісі жаңа технологияларды қолданып оқыту мен білім алудың және практикалық қызметте бар іскерліктер мен дағдыларды қолданудың шегін едәуір кеңейтетіндіктен, инновацияларға үндеу жасауды көздейді. Заманауи ЖОО-ның білім беру кеңістігіне смарт-технологиялар сияқты инновацияның қосылуы жан-жақты оқуға құнды көшуге себепші болады. Студенттердің жаңа білім беру технологияларының саласына сіңуі бұрын жасырын шығармашылық және зияткерлік ресурстарды өзектендіреді, зерттеу қызметіне ынталандырады, танымдық қызығушылықтың деңгейін арттырады. SMART технологияларға негізделген адаптивті білім беру жүйесі бар тұжырымдамалық модель екі ықтимал жолмен пайдаланылуы мүмкін.. Біріншісі, автоматтандыруға болатын қайталанатын элементтерді оңтайландыру арқылы дәстүрлі оқу процесін өзгертудің қосымша құралы ретінде. Екіншіден, оқытудың жаңа әдістерін, мысал,электрондық оқыту, мобильді оқыту, аралас оқыту және басқаларын енгізу арқылы модернизациялау. Жүйені еңгізу нәтижесінде мұғалімге бағытталған бағытталған оқу процессі оқушыға ауыстырылады. Осыған қарамастан, мұғалімнің рөлі азаймайды, керісінше SMART технологияларды қолдана отырып, мұғалім өзінің әлеуетін дамыта алатыны ерекше атап өтіледі. Бұл өз кезегінде студенттердің осы білім беру жүйесінде алған білім сапасына оң әсер етеді.
Түйін сөздер: электронды оқыту, онлайн бағалау, бейімделгіш оқыту, бейімделгіш бағалау, бейімделгіш тестілеу, білім ағашы, смарт технологиялар, мобильді оқыту, граф теориясы.