ТАНЫМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ АВИАЦИЯЛЫҚ МЕТАФОРА

Авторлар: Тенбаева А.М.
ӘОЖ 811.512

Аңдатпа. Мақала когнитивті авиация метафорасы бойынша кейбір шетелдік зерттеулерді қарастыруға арналған. Метафораның бұл түрі ғылыми метафораның жалпы классификациясына кіреді. Сондай-ақ тақырып таңдауы ғылыми қауымдастықтың әртүрлі білім салаларындағы, соның ішінде ғылым тіліндегі когнитивтік метафораларды зерттеуге деген қызығушылығын да айқындағаны маңызды. Авиация саласындағы сөздердің ауыспалы мағынасы құбылыстар мен объектілерді түсінудің маңызды тәсілдерінің бірі болып табылады. Мақала авторы авиациялық метафораның орыс және ағылшын тілдерінің қажетті элементі екенін атап көрсетеді.
А.М Тенбаева ғалымдардың ғылыми ағылшын тіліндегі троп қызметіне ерекше қызығушылығын атап өтеді. Екі тілде қолданылатын авиациялық метафораның қызмет етуіндегі теориялық ортақтығы белгіленді. Троптардың өнімді топтарына ерекше назар аударылады. Адам өмірі мен жануарлар әлемімен параллельдік негізде құрылған терминдер тобы ерекше қызығушылық тудырады. Мақалада метафоризация процестерін одан әрі зерттеудің жолдары да көрсетілген.

Түйін сөздер: зерттеу, термин, когнитивтік метафора, авиациялық метафора, метафоралар топтары, концепт.

Нөмір мұрағаты:
№-4 (23) 2021

Айдарлар

Журналдар