САУДА МЕКЕМЕСІНІҢ АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІ

Авторлар: Маратов Е.Д.,Золотов А.Д., Оспанов Е.А.
ӘОЖ 65:681.5

Аңдатпа. Ірі және орта кәсіпорындар жұмысының қазіргі заман талаптарына сай болуы компанияның автоматтандырылған есеп жүйесі негізіндегі ақпараттық құралдарымен жабдықталу деңгейінен толығымен тәуелді. Компьютерлік есепке алу өзіндік ерекшеліктерге ие және кәдімгі есепке алудан түбегейлі өзгеше. Компьютер мен автоматтандырылған есепке алу жүйесін қолдану, сауда барысын басқару және талдау үшін жинақталған ақпараттар және құжаттарды қалыптастыруға кететін уақытты қысқартып, жеңілдетеді. Сауда жағдайы туралы есепті автоматтандырылған жүйе көмегінсіз де алуға болғанымен, оны есептеуге көп уақыт кетеді және де, осы уақыт ішінде қажеті болмай қалуы да мүмкін немесе көптеген есепшілер көмегімен жылдам алуға болады, бірақ оларға кететін жалақы, есеп нәтижесінде түсетін пайдадан әлдеқайда артық болуы мүмкін. Осы себепті сауда мекемесінде автоматтандырылған жүйелерді қолдану «саннан сапаға өтіп», есептер жүргізуді жылдамдату арқылы, сауда жүргізу схемасының сапасын арттыруды мүмкіндік береді. Мақалада мекеменің қаржылық-шаруашылық саласындағы автоматтандырылған басқару жүйелерінің ролі қарастырылады. Сауда мекемесіне арналып, құрылған автоматтандырылыған ақпараттық жүйе ұсынылады және оның мүмкіндіктері келтіріледі.

Түйін сөздер: автоматтандырылған басқару жүйесі, мәліметтер базасы, клиенттер, қызметкерлер, Delphi, интерфейс.

Нөмір мұрағаты:
№-2 (21) 2021

Айдарлар

Журналдар