АВИАЦИЯ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӘСІБИ ТЕРМИНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар: Елубай А.М.,Тулекова Г.Х.,Суранчиева Н.Р.
ӘОЖ 811.512.122*373.6

Аңдатпа. Мақалада авиация саласына қатысты кәсіби сөздерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Жоғары оқу орнында білім беру-қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар,соның ішінде жоспарлау мәселесі, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік-технологиялық біліктілікті талап етеді. Себебі, оқытушы өз қызметінің негізгі субъектісі студенттің жеке басымен жұмыс істейді. Студенттердің мүмкіншілігіне, қажеттілігіне, білім берудің мақсаты мен міндеттеріне негізделмеген оқыту нәтиже бере алмайтындығы және тәжірибенің жаңа бағыты жөнінде сөз қозғалған.

Түйін сөздер: кәсіби сөздер,кәсіби бағытталған,практикалық оқыту,оқыту дағдысы.

Нөмір мұрағаты:
№-1 (20) 2021

Айдарлар

Журналдар