Андатпа. Бұл мақалада ұшқышсыз ұшатын аппараттарды (ҰҰА) пайдалана отырып, ауылшаруашылық жерлерін өңдеудің инновациялық фракталдық тәсілі ұсынылған. Фракталды талдауды пайдалана отырып, жер бетін талдау тәсілі қарастырылады, соның ішінде Фраунгофер дифракциялық фракталы және Сьерпински кілемінің масштабтауы. Arduino үшін код сенсорлардан деректерді жинауға және оны нақты уақытта Telegram арқылы смартфонға жіберуге мүмкіндік береді. Деректерді неғұрлым күрделі талдау және машиналық оқыту жүйелерімен интеграциялау үшін камера мен LiDAR-дан деректерді жинауға, сондай-ақ TensorFlow көмегімен дақылдарды тану коды бар Raspberry Pi ұсынылады. Неғұрлым қуатты жабдықта немесе серверде өзгерістерге жылдам жауап беруге және деректердің үлкен көлемін талдауға мүмкіндік беретін нақты уақыт режимінде деректерді беру мүмкіндігіне назар аударылады.
Түйін сөздер: фракталдық, ұшқышсыз ұшу аппараты, жасанды интеллект, математикалық модельдеу, дифференциалдық теңдеу, ауыл шаруашылығы.