АВИАЦИЯ САЛАСЫ БОЙЫНША КӘCІБИ МӘТІНДЕРДІ ТЫҢДАЛЫМ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ОҢТАЙЛЫ ƏДІCТЕРІ

Авторлар: Елубай А.М.,Тулекова Г.Х.,Суранчиева Н.Р.
ӘОЖ 378.147

Аңдатпа. Мақалада сөйлесім әрекетінің маңызды бір түрі тыңдалым әрекетін меңгертудің маңызы туралы айтылады. Орыс тілді аудиторияда авиация саласы бойынша білім алушыларға тыңдалымды меңгерту арқылы тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін дамытып, тіл үйренуге деген қызығушылығын, ынтасын, белсенділігін арттыруға болады. Білім алушының тыңдалған ақпаратты қабылдауы, есте сақтауы мәтін мазмұнының ақпараттылығы мен композициялық құрылымына, сондай-ақ мәтін көлемі мен айтылу уақытына байланысты. Аудиомәтінде негізгі ойды білдіретін фактілер мен дәлелдемелерден тұратын ақпараттың болуы, белгілі бір шешімі бар мәселенің болуы, айтылған ойдың логикалық жүйелілігі және соңында мәтіннің мазмұнын ашатын қорытындының берілуі – мәтіннің әдістемелік талапқа сай екенін көрсетеді. Жалпы мәтіннің мазмұны тіл үйренушіге түсінікті болып, тіл үйренуші оны сөйлеу үдерісінде қолдана білу керек. Мәтіндегі таныс емес сөздер 2 пайыздан аспаған жағдайда, тіл үйренуші оларға назар аудармай, мәтінде айтылуға тиісті негізгі ойды меңгеруге тырысады. Тыңдалымды меңгертумен қатар оны бақылау, бағалау қатар жүріп отырғанда ғана жұмысымыздың нәтижесін көре аламыз.
Мақалада авиация саласы бойынша білім алушылардың кәcіби мәтіндерді тыңдалым арқылы меңгертудің оңтайлы əдіcтері мен тəcілдері қараcтырылған. Маманның кəcіби бағыттылығын, іcкерлігін қалыптаcтыру. Жoғары oқу oрнында білім беру — қoғам дамуының негізгі жoлы. Coндықтан кəcіптік білім беруде өтілетін тақырыптар, coның ішінде жocпарлау мəcелеcі, ғылымның coңғы жетіcтіктеріне негізделуі тиіc.

Түйін cөздер: тыңдалым, кәcіби cөздер, кәcіби бағытталған, практикалық oқыту,oқыту дағдыcы.

Нөмір мұрағаты:
№-3 (26) 2022

Айдарлар

Журналдар