ТЕМІР ЖОЛ ТАСЫМАЛЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖАҺАНДЫҚ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙЫНДА

Авторлар: Имашева Г.М., Деветьярова Н.В.
ӘОЖ 629.7

Аңдатпа. COWID-19 инфекциясы бүкіл дүниені дүрліктіріп, әлемнің барлық елдері қатты экономикалық құлдырауға тап болды. Бұл Қазақстанға да әсер етті. Ел басшылығы теміржол жолаушылар тасымалын тоқтатуға мәжбүр болды. Бірақ теміржол көлігі маңызды стратегиялық рөлді орындағандықтан, жүк және контейнер тасымалы өз жұмысын тоқтатпады. Пандемия кезінде теміржол көлігі жүктерді тасымалдауда жетекшілік қызметін атқарды. Пандемия кезінде трафиктің қарқынды өсуіне бірнеше себептер әсер етті, осыған байланысты тасымалданатын жүктердің 2019 жылмен салыстырғанда өсу көлемі 54% — ды (пайызды) құрады. Бұл көрсеткіштер ішкі және халықаралық тасымалдауда атап өтіледі. Дала қызметкерлерінің үйлесімді және тиімді жұмысы қашықтан жұмыс жасауды тез қайта құрып қана қоймай, тұтынушыларға сапалы және тиімді қызмет көрсету әдістерін табуға көмектескенін атап өткен жөн. Жаһандық дағдарыстың жағдайы теміржол барлық уақытта кез-келген түрдегі және кез-келген бағыттағы тауарларды жеткізу қажеттіліктерін қанағаттандыратын негізгі көлік болып табылатындығын көрсетті.
Түйін сөздер: COVID-19, дағдарыс, тасымалдау, өсу, маңызы.

Нөмір мұрағаты:
№-2 (21) 2021

Айдарлар

Журналдар