АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ ОҚЫТУЫНА АРНАЛҒАН ГЕНЕРАТИВТІ ТІЛДІК МОДЕЛЬДЕРДІ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОҚУ ТАПСЫРМАЛАРЫН АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ҚҰРУ

Аңдатпа. Бұл зерттеуде азаматтық авиация саласына арналған мамандандырылған оқу тапсырмаларын автоматты түрде генерациялауға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйе ұсынылады. Жүйе fine-tune жасалған T5-small трансформер моделіне негізделген. Дәстүрлі тапсырма құрастыру көп уақытты қажет етеді және нұсқаушылардан авиациялық нормалар, техникалық сипаттамалар және қауіпсіздік рәсімдері бойынша терең құзыреттілікті талап етеді. Біз трансформер архитектурасына негізделген бес кезеңнен тұратын шешімді ұсынамыз: […]

ЖЕТКІЗУ ТІЗБЕКІНІҢ ТӘУЕКЕЛДЕРІН ЦИФРЛІК FMEA КӨМЕГІМЕН АЗАЙТУ: САНДЫҚ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ЖАҒДАЙЛАР

Аңдатпа. Қазіргі жаһандық жағдайда жеткізу тізбектері саяси тұрақсыздық, саудаға шектеулер және жылдам технологиялық өзгерістер салдарынан тәуекелдердің күшеюіне тап болып отыр. Мұндай жағдайда тәуекелдерді басқару қосымша құрал ғана емес, бәсекеге қабілеттілікті айқындайтын негізгі факторға айналады. Бұл зерттеу логистикалық үдерістердегі ең маңызды тәуекелдерді анықтау және азайту үшін цифрлық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Жұмыста материалдық ағымдардағы операциялық ақаулармен […]

ЕКІНШІЛІК РАДИОЛОКАЦИЯ СИГНАЛДАРЫНЫҢ КЕДЕРГІГЕ ТӨЗІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН АДАПТИВТІ СҮЗГІЛЕРДІ ТАЛДАУ ЖӘНЕ МОДЕЛЬДЕУ

Аңдатпа. Бұл мақалада екінші реттік радиолокация диапазонына (1030/1090 МГц) тән күшті шу мен кедергілер жағдайында радиолокациялық сигналдарды өңдеу және олардың сенімділігін арттырудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Әуе қозғалысының радарлық жүйелері әуе кеңістігін қауіпсіз және тиімді басқаруды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, дегенмен, олардың өнімділігі 1030/1090 МГц диапазонына тән күшті шу мен кедергілер кезінде төмендейді. Зерттеу барысында […]

НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ ЖӘНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ОҚЫТУ ДЕРЕКТЕРІНІҢ САПАСЫНЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ӘСЕРІН ТАЛДАУ

Аңдатпа. Зерттеудің мақсаты — деректер сапасының әсерін және оған ықпал ететін факторларды зерделеу, сондай-ақ нейрондық желі немесе жасанды интеллектіні оқыту функциясының аргументтері арасындағы логикалық әрі математикалық байланыстарды формализациялау арқылы олардың ұшу қауіпсіздігімен өзара тәуелділігін көрсету. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қарастырылды. Біріншіден, жасанды интеллекттің ұшуға дейінгі тексеру, әуе кемесін жөндеу және техникалық қызмет көрсету үдерістерінде […]

ADS-B СИГНАЛДАРЫН АУТЕНТИФИКАЦИЯЛАУҒА АРНАЛҒАН РАДИОМЕТРИЯЛЫҚ–DNN ГИБРИДТІ МОДЕЛІ

Аңдатпа. Бұл мақалада қазіргі заманғы авиация жүйелерінде қолданылатын ADS-B (Автоматты тәуелді бақылау-тарату) жүйесі шығаратын импульстік сигналдарды сыртқы киберқауіптерге қарсы қауіпсіз таратудың перспективалық мүмкіндіктері қарастырылады. Мақсат — қолданыстағы инфрақұрылымның қауіпсіздік деңгейін арттыру, жиілікті бағалауды оңтайландыру және болжамды модельдеу арқылы трафикті басқаруды жақсарту, осылайша тиімдірек және белсенді бақылауды қамтамасыз ету. Ұсынылған интеграция архитектурасы әуе кемелерінің сигналдарын талдау […]

ТЕМІРЖОЛ СТАНЦИЯЛАРЫНДА ЖОЛДАР МЕН ВАГОНДАРДЫҢ МАРШРУТТАРЫН ТИІМДІ БӨЛУ

Аңдатпа. Бұл мақалада вагон ағындарын өңдеу тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптік теміржол станцияларында жолдарды бөлуді оңтайландыру мәселелері қарастырылады. Тақырыптың өзектілігі шектеулі жол ресурстарын ұтымды пайдалану, станциялардың өткізу қабілеті мен өңдеу қабілетін арттыру және пайдалану шығындарын азайту қажеттілігіне байланысты. Негізгі назар аударылатын бағыт бойынша вагон ағындарын құрастыру және өңдеу ерекшеліктерін, қозғалыс кестесін, өңдеу тәртібін және шектеулі жол […]

ЖЕЛДІҢ КРИТИКАЛЫҚ ЖЫЛДАМДЫҒЫ КЕЗІНДЕ ЖЕЛ ГЕНЕРАТОРЫНЫҢ РОТОРЫН АВТОМАТТЫ ТҮСІРУДІҢ ЖАЛПЫ ЖҮЙЕСІН ӘЗІРЛЕУ

Аңдатпа. Мақалада желдің күшті жүктемелерінен қорғау үшін жел генераторының роторын автоматты түрде түсіру жүйесін әзірлеудің жалпы тұжырымдамасы берілген. Жел турбинасының жұмысын автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы заманауи зерттеулер айтарлықтай прогресті көрсетеді. Мақалада турбинаның тиімділігі мен тұрақтылығын жақсарту үшін адаптивті және болжамды басқару әдістерінің маңыздылығы және іске асыру мәселелері бойынша бірталай ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалған. Аталған жетістіктер […]

ӨЛШЕУ БЕЛГІСІЗДІГІН БАҒАЛАУ: БИМЕТАЛЛДЫ ТЕРМОМЕТР МЫСАЛЫНДА GUM ЖӘНЕ МОНТЕ-КАРЛО ӘДІСТЕРІН САЛЫСТЫРУ

 Аңдатпа. Бұл мақалада өлшеу белгісіздігін бағалаудың GUM (Guide to the Expression of Uncertainty in Measurement) және Монте-Карло әдістерінің салыстырмалы талдауы 0-ден 120 °C-қа дейінгі өлшеу диапазоны және дәлдік сыныбы 2.5 бар ТБП 63-1 биметалл термометрін калибрлеу мысалында ұсынылған. Зерттеу белгісіздіктің негізгі факторларын, соның ішінде стохастикалық және жүйелік қателіктерді анықтауға және сандық талдауға бағытталған. GUM әдісін […]

АГРЕССИВТІ МАЗМҰНДЫ ЖІКТЕУ МІНДЕТТЕРІ ҮШІН ФЕДЕРАТИВТІ ОҚЫТУ: ТРАНСФОРМЕР МОДЕЛЬДЕРІ НЕГІЗІНДЕГІ ӘДІС

Аңдатпа. Цифрлық коммуникацияның қарқынды дамуы интернетте агрессивті мазмұндағы жазбалардың көбеюіне себеп болды. Мұндай мазмұнды жазбаларды автоматты түрде анықтау қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Алайда деректерді орталық серверге жинауға негізделген дәстүрлі тәсілдер жеке ақпараттың құпиялығын бұзуы мүмкін. Осы мәселені шешудің бір жолы – федеративті оқыту әдісін қолдану. Бұл әдісте деректерді орталық серверге жібермей-ақ, әрбір […]

ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ШОЛУ

Аңдатпа. АТ саласындағы үрдістер үнемі өзгеріп отырады және жаңа оқиғаларды алдын ала болжау ұйымның цифрлық ресурстарды, соның ішінде үлкен деректерді басқарудағы сәттілігінің негізгі факторы болып табылады. Бұл зерттеудің мақсаты нақты уақыт режимінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін үлкен деректерді зерттеу және талдау. Библиометриялық талдау нәтижесінде зерттеуге қатысты кілт сөздер енгізілген 137 ақпарат көзінен алынған 323 ғылыми […]

VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНА ОТЫРЫП, ӨРТ ЖАҒДАЙЫНДА ЭВАКУАЦИЯЛАУ ПРОЦЕСІН МОДЕЛЬДЕУ: МАКРОСКОПИЯЛЫҚ, МИКРОСКОПИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ГИБРИДТІК ТӘСІЛДЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Аңдатпа. Мақалада өрт кезінде ғимараттардан адамдарды эвакуациялау процесін макроскопиялық, микроскопиялық және гибридтік модельдерді пайдалану арқылы модельдеу қарастырылады. Жұмыстың мақсаты — эвакуация уақытын азайту және адамдардың қауіпсіздігін арттыру үшін толқын қозғалысының динамикасын талдау арқылы тәсілдер әзірлеу. Зерттеу барысында ағынның глобалды сипаттамалары (макроскопиялық модель), агенттердің жеке мінез-құлқы (микроскопиялық модель) және біріктірілген тәсіл (гибридтік модель) қарастырылады. Unreal Engine […]

МИНАДАН ТАЗАРТУҒА АРНАЛҒАН РОБОТТЫҚ КЕШЕНДЕРДІ ӘЗІРЛЕУДІҢ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Аңдатпа. Мақалада миналардан және қолдан жасалған жарылғыш құрылғылардан аумақтарды тазалаудың қауіпсіздігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған минадан тазартуға арналған роботты кешендерді әзірлеу мен енгізудің әлемдік тәжірибесіне талдау жасалды. Автономды және қашықтан басқарылатын жүйелерде қолданылатын заманауи технологиялар, соның ішінде сенсорлық кешендер, навигациялық жүйелер, жасанды интеллект элементтері және ұшқышсыз ұшу аппараттарымен интеграция қарастырылады.Зерттеу әдістемесі қолданыстағы шешімдерді салыстырмалы талдауға, […]