ЭЛЕКТРСТАТИКАЛЫҚ АСПАДАҒЫ ТҮЙІСПЕЙТІН ГИРОСКОПТЫ ТОЛҚЫТУ МОМЕНТТЕРІНІҢ КҮШ ФУНКЦИЯСЫН ТҰРҒЫЗУ

Аңдатпа. Қатты дененің электрлік және магниттік өрістердегі қозғалысын зерттеу заманауи техниканың әртүрлі салаларында жаңа машиналар мен құрылғыларды жасау кезінде туындайтын көптеген қолданбалы мәселелермен тығыз байланысты. Ротор бетінің таза тегіс болмауы электродтардың сфералық емес болуына, негіздің шамадан тыс жүктелуі мен тербелісі кезінде және аспаның электр аралық кеңістігін толтыратын нөлдік электрод болмаған кезде пайда болатын аспадағы ротор […]

ГАРМОНИКАЛЫҚ МОМЕНТТЕРДІҢ СИНХРОНДЫ ГИСТЕРЕЗИС ГИРО ҚОЗҒАЛТҚЫШЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН ШАР ГИРОСКОПЫНЫҢ ДИНАМИКАСЫНА ӘСЕРІ

Аңдатпа. Шарлы гироскоп үшін электр қозғалтқышының айналмалы магнит өрісінің фазалық бұрышына тәуелді дрейфтің себебі ротордың теңгерімсіздігі мен бұзылатын қозғалтқыш моментінің бірінші гармоникалық құрамдас бөлігінің өзара әрекеттесуі көрсетілген. Бұзылу жиілігі ротор жылдамдығының еселігі. Гироскоптың динамикасына электромагниттік күштер моментінің синхронды және асинхронды құраушыларының әсері қарастырылады. Дрейфтердің өрнектерінен статордың айналмалы магнит өрісінің фазалық бұрышы θ бойынша орташа алынған […]

ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ АВИАЦИЯЛЫҚ ЖАНАР-ЖАҒАР МАЙМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Аңдатпа. Қазір авиацияда қолданылатын жанармайдың негізгі түрі мұнайдан өндірілген авиациялық бензин және авиациялық керосин болып табылады. Авиациялық бензин поршеньді авиациялық қозғалтқыштарда қолдануға арналған, ал авиациялық керосин ұшу аппараттарының турбобұрандалы және турбореактивті қозғалтқыштарында қолданылады. Азаматтық авиацияның барлық қызметінің басты мақсаты -ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін аса маңызды шарт — ұшу жарамдылығы нормаларында белгіленген пайдалану шектеулерін […]

ҚАМБА МҰНАЙЫН СҰЙЫЛТУҒА АРНАЛҒАН ДЫБЫСТАН ЖОҒАРЫ САПТАМАНЫ ГАЗДИНАМИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕУ

Аңдатпа. Дыбыс жылдамдығынан жоғары ағыншаға арналған отырғының газодинамикалық есептеуі қарастырылып, орталық денелі Лаваль соплосының негізгі геометриялық сипаттамалары келтірілген. Амбарлық мұнайды сұйылту үдірісінің термодинамикалық көрсеткіштері табылған. Материалдық және жылу баланс есептеулері баланстық теңдеулерді пайдалану арқылы шығарылған. Түйін сөздер: газодинамикалық есептеу, Лаваль соплосы, Амбарлық мұнай, термодинамикалық көрсеткіштер, жылу баланс есептеулері.

ТЕМІР ФОСФАТ-НИОБИЙ ШИКІЗАТЫН МЕТАЛДАНДЫРУ ПРОЦЕСІН ЗЕРТТЕУ

Аңдатпа. Фосфат-ниобий кендерін байытқанда темірлі тұнбалардың металдану процесін зерттеу нәтижелері келтірілген. Әртүрлі температурада темірді, фосфорды және ниобиді көміртекпен қатты фазалық қалпына келтіру мүмкіндігі анықталған. Түйін сөздер: кен байыту тұнбасы, қалпына келу, фосфат-ниобий шикізаты, металдану, балқыту, легірлеу.

ӘУЕ КӨЛІГІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АДАМ ФАКТОРЫНЫҢ РӨЛІ

Аңдатпа. Осы мақаланың мақсаты — авиациялық көлік жүйелеріндегі адам факторын сипаттауға көзқарасты табу. Әдістер/ Статистикалық талдау: Әдістерге сүйене отырып, адам факторларын жіктеудің ерекше тәсілі жасалды. Пилоттар мен әуе қозғалысын басқарушылардың қателіктерінің толық тізімі декарттық өнім ретінде және дискретті математиканың басқа әдістері ретінде ұсынылуы мүмкін. Түйін сөздер: БҚ (бағдарламалық қамтамасыз ету), БҚ(ұшу қауіпсіздігі) АБ(авиациялық қауіпсіздік) ЖҚ […]

«ТҚК ЖӘНЕ Р КЕЗІНДЕГІ ҚАТЕНІ ЫҚТИМАЛДЫҚ БАҒАЛАУ»

Аңдатпа. Бұл мақала «Boeing 737 техникалық қызмет көрсету және жөндеу бағдарламасын жетілдіру» диссертациясының шолу бөлігі болып табылады. Мақалада техникалық қызмет көрсету кезінде әуе кемелерінің ақаулары қарастырылады. Сонымен қатар диагностиканы бағалаудағы ықтималдық тәсіл және диагностика ұғымдарының негізгі айырмашылықтары зерттеледі. Түйін сөздер: ТҚКжЖ (техникалық қызмет көрсету және жөндеу), ықтималдық, қауіп факторы, диагностика, екілік тәсіл, үштік тәсіл.

ӘУЕ КЕМЕЛЕРІНІҢ МҰЗДАНУЫН БАҚЫЛАУДЫҢ КЕҢ ТАРАЛҒАН ӘДІСТЕРІН ТАЛДАУ

Аңдатпа. Мақала заманауи әуе кемелеріндегі мұзадануға қарсы кең таралған электрлік және ауа-жылу әдістерге шолу болып табылады. Осындай жүйелердің жалпы орындалу сызбалары олардың тиімді және теріс жақтары көрсетілген. Түйін сөздер: мұздану, электрлік жылыту, ауа-жылу жылыту.

АВИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ТИІМДІЛІГІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІН АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа. Мақала авиация саласындағы ұшу қауіпсіздігін бағдарламалық қамтамасыз ету проблемасына шолу материалы болып табылады. Әуе кемелерінде ұшу қауіпсіздігін жақсарту үшін жаңа әзірлемелер сипатталған. Бұл мәселені шешудің мүмкін жолдары. Қауіпсіздікті басқарудың сәтті жүйесі аясында ұйымдағы қауіпсіздік көрсеткіштерін дамытудағы қиындықтарға ерекше назар аударылады. Түйін сөздер: БҚ (бағдарламалық қамтамасыз ету), БП (ұшу қауіпсіздігі) АБ (авиациялық қауіпсіздік), ҰҚБЖ (ұшу […]