КӘСІБИ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОНЛАЙН ОҚЫТУДА ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ

Аңдатпа. Кәсіби шет тілін онлайн оқытудағы интерактивті тәсілдерді қолдануды қарастыру мақсаты — білім беру үдерісінің барлық мүшелерінің өзара коммуникациясы. Өйткені қашықтықтан оқыту жағдайында өзара ақпарат алмасу арқылы студенттердің қызығушылықтарын ояту және бір деңгейде ұстау өте маңызды.Интерактивті оқытудың ерекшелігі – оқу барысында студенттер рөлінің басымдылығын көздеу, ал оқытушы қызметі – сабақ мақсатына жету үшін олардың іс-қимылдарына […]

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ МЕН ПРОБЛЕМАЛАРЫ

Аңдатпа. Мақалада Қазақстан Республикасындағы инновациялық дамуды жүзеге асырудың қазіргі жағдайы мен проблемаларын зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл тақырып өзекті, өйткені инновациялық технологияларды енгізу ұлттық құрылымды әртараптандыру арқылы бәсекеге қабілеттілікті арттыра алады. Индустриялық-инновациялық негіздегі тұрақты даму Қазақстан үшін басымды бағыт болып табылады. Мақалада салыстыру мақсатында елдердің инновациялық даму деңгейін сипаттайтын негізгі параметрлер келтірілген, сонымен қатар Қазақстан экономикасының […]

КОММУНИКАТИВТІ ӘДІС, ШЕТ ТІЛІНДЕ БІЛІМ БЕРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕ

Аңдатпа. Мақалада шет тілін оқытудың коммуникативті әдісі талқыланады. Дәстүрлі және коммуникативті әдістерге сәйкес оқыту әдістері салыстырылады. Коммуникативті әдіс сөйлеуге үйретуге арналған және шет тілін үйренудегі тілдік және психологиялық кедергілерді жоюға көмектеседі. Коммуникативті әдіс дәстүрлі оқулықтарға сәйкес ескірген әдіске қарағанда қазіргі әлемдегі ең перспективалы болып табылады. Түйін сөздер: коммуникативті әдіс, дәстүрлі және коммуникативті тәсілдер, коммуникативті құзыреттілік, […]

ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНА ОТЫРЫП ОРЫС ТІЛІН АНА ТІЛІ РЕТІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕСІНЕ

Аңдатпа. Бұл мақалада орыс тілін басқа ұлт аудиториясында оқытуда цифрлық технологияларды қолдану туралы айтылады. Автор орыс тілін оқытуда цифрлық технологияларын қолдану әдістері мен тәсілдерін сипаттайды. Оқытушыларға арналған электронды оқу материалдары кәсіби ақпараттық-коммуникативтік құзыреттіліктің ерекшеліктерін ескере отырып талданды. Заманауи электронды технологияларды талдау орыс тілін өзге тілді аудиторияда оқытуда цифрлық технологияларды әдіснамалық тұрғыдан дұрыс қолдану ішкі сөйлеуді […]

ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Аңдатпа. Бұл мақалада желілік оқыту проблемасы және оны шешу тәсілдері қарастырылған. Мақалада онлайн-оқытудың практикалық тәжірибесі жинақталған және жаңа оқыту ресурстарының барлық мүмкін болатын жақтары ашылған. Зерттеулер нәтижесінде Интернет кеңістігін және халықаралық оқыту платформаларын қолдана отырып білім беру үдерісін қамтамасыз ететін жаңа ресурстар анықталды. Түйін сөздер: қашықтықтан оқыту, технологиялар, «онлайн», «оффлайн», «Zoom», форматтар, мессенджерлер, «Whatsapp», «Telegram», […]

ЭЛЕКТРОНДЫ ОҚУЛЫҚ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР МЕН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ОҚЫТУ ҮРДІСІНЕ ТИГІЗЕТІН ПАЙДАСЫ

Аңдатпа. Мақалада қашықтықтан оқыту мәдениетін қалыптастыру туралы кейбір мәселелер қарастырылады. Компьютерлік және ақпараттық технологияларды меңгеруде студенттердің педагогикалық және психологиялық дайындығының рөлі атап өтілді. Түйін сөздер: электронды оқулық, ақпараттық технологиялар.

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ ЖӘНЕ ТАРИХИ МӘСЕЛЕЛЕР

Аңдатпа. Берілген мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әліпбиінің қалыптасуы туралы айтылған. Кеңес өкіметі орнауымен бір мезгілде мәдениетті қайта құру шаралары жүзеге асырыла бастағаны кеңінен талданған. Елде ағарту ісін дамытуға баса назар аударылғаны тілдік фактілер арқылы берілген. Қазақтың ұлт зиялылары шығармашылық тұрғыда табысты еңбек етіп, мәдени құрылыс барысын жеделдетуге зор үлестерін қосқаны баяндалады. Түйін сөздер: қазақ […]

ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АВИАЦИЯЛЫҚ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Аңдатпа. Бұл жұмыста жоғары оқу орындарында авиациялық ағылшын тілін оқытудың қиындықтары талданады және оқу жоспары мен курстық бағдарламаны жасау барысында кездесетін мәселелерді шешетін ұсыныстар сөз етіледі. Түйінді сөздер: авиация, ағылшын тілі, қиындықтар, авиациялық терминологиясы.

АВИАЦИЯ САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ КӘСІБИ ТЕРМИНДЕРДІ ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ

Аңдатпа. Мақалада авиация саласына қатысты кәсіби сөздерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдері қарастырылған. Маманның кәсіби бағыттылығын, іскерлігін қалыптастыру. Жоғары оқу орнында білім беру-қоғам дамуының негізгі жолы. Сондықтан кәсіптік білім беруде өтілетін тақырыптар,соның ішінде жоспарлау мәселесі, ғылымның соңғы жетістіктеріне негізделуі тиіс. Білім беруде жаңа технологиялардың пайда болуы оқытушыдан әдістемелік-технологиялық біліктілікті талап етеді. Себебі, оқытушы өз қызметінің […]

PHP ОРТАСЫНДА JS , HTML ПРОГРАММАЛАУ ТІЛДЕРІНДЕ WEB САЙТ (ИНТЕРНЕТ-ДҮКЕН) ҚҰРУ

Аңдатпа. Дипломдық жобаның тақырыбы: «Php ортасында JS, HTML программалау тілдерінде web-сайт (интернет-дүкен) құру». Дипломдық жобаны Нархоз университетінің «Ақпараттық технология орталығы» бөліміне негізделіп жасалған. Аталған жұмыстың мақсаты – тұтынушылардың ыңғайы үшін және уақыт үнемдеу үшін жасалған интернет дүкенің құру басты мақсат . Бұл дипломдық жобаның негізгі мақсаты.Сатып алушы үйде отырып ұялы телефон арқылы дүкеннің тауарлары жайлы […]

СТУДЕНТТЕРДІҢ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОРНЫ МЕН РӨЛІ

Аңдатпа. Теориялық зерттеу мамандықты таңдаған адамға жеке, сараланған көзқарастың болмауы, білікті кадрлардың жетіспеушілігі және қазіргі еңбек нарығының әлсіз мониторингі болып табылатын негізгі мәселелер шеңберіне арналған. Бұл мақалада болашақ мамандар үшін ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолданудың өзекті мәселелері, білім алушы алдына жаңа бағыттағы мақсаттар көрсетілген. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары талданған. Түйін сөздер: оқытушы, студент, технологиялар, әдістер,оқу үрдісі, […]

DDOS ШАБУЫЛДАРЫНАН ҚОРҒАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІН ЗЕРТТЕУ

Аңдатпа. Бұл мақалада «Қызметтен бас тарту» (DDoS) шабуылдарынан қорғанудың қазіргі тәсілдерін зерттеу көрсетілген. DDoS шабуылы — бұл Интернет қызметтері мен ресурстарының қол жетімділігін шектейтін шабуылдың танымал түрі. DDos-шабуыл желідегі кез-келген жерден болуы мүмкін және әдетте көптеген пакеттерді жіберу арқылы құрбанның серверін басып алады. 2020 жылдың басынан бастап шабуылдың осы түрінен қорғанудың көптеген тәсілдері бар. Бұл […]